+7 (778) 888-51-55

Консалтингтік қызмет көрсету

Компания құрылысты техникалық сүйемелдеуді қоса, жобаны техникалық сүйемелдеуден бастап, объектіні пайдалануға қабылдау актісін тіркеу кезеңіне дейін құрылыстың барлық саласында консультациялық және консалтингтік қызмет көрсетеді.

 

Жобаны техникалық сүйемелдеу

- жобалық және жұмыс құжаттамаларын дайындау, келісу және бекітудің бастапқы кезеңінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көмек көрсету

- техникалық шарттарды және сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алуды қоса, жобалау үшін бастапқы деректерді алуда Тапсырыс берушіге көмек көрсету;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, жобалық құжаттаманы мемлекеттік қадағалау органдары мен мүдделі ұйымдармен келісу кезінде көмек көрсету.

- Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу кезінде Тапсырыс берушіге көмек көрсету;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес, құрылыс жобаларын сараптама органдарымен келісу (қорғау) және тапсырыс берушінің құжаттамаларын бекіту кезінде көмек көрсету.

құрылыс саласында сертификаттау және рұқсат алу кезінде көмек көрсету,

 

Құрылысты техникалық сүйемелдеу

Қазақстан Республикасының ҚНжЕ және МемСТ сәйкес, атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізу (жасырын жұмыстарды куәландыру актілері, жұмыстарды жүргізу журналдары және т. б.).

Құрылыс сапасын визуалды түрде бағалау

Орындаулы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігі

Қолданылатын материалдардың сәйкестігі

Объектіні пайдалануға беру

 

Іздестіру қызметіне, жобалау қызметіне, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу және оны қайта рәсімдеу кезінде консалтингтік қызмет көрсету

Біз сіздің ұсынған мәліметтеріңіздің негізінде, сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандартының қосымшасындағы нысан бойынша өтінішті дайындау бойынша қызмет көрсетеміз.

Біз қызметкерлерді іріктеу, инженерлік-техникалық қызметкерлерді (ИТҚ) аттестациядан өткізу кезінде көмек көрсетеміз.

Барлық құқықтар сақталған.